Атырау облысы – «қызыл» аймақта

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті 6 қаңтардағы елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Матрицаға сәйкес, кеше, 5 қаңтарда елде бір де бір облыс «қызыл» аймақта болмаған еді.

Алайда бүгінгі мәлімет «қызыл» аймаққа Атырау облысының енгенін хабарлап отыр.

Сонымен қатар, «сары» аймақта әлі де Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, СҚО, Қостанай, Павлодар облыстары тұр.

Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта.

Бүкіл Қазақстан аумағы да «жасыл» аймақтың ішіне белгіленген.