Көлік нөмірін бетпердемен жасырған жасөспірім ұсталды

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, автокөліктің мемлекеттік нөмірін медициналық бетпердемен жасырып жүргізген 16 жастағы жасөспірім анықталды.

4 қаңтар күні түнде патрульдік полиция қызметкерлері  Владимирский-Луговой көше қиылысында мемлекеттік нөмірін медициналық бетпердемен жауып қойған маркасы «Тойота Камри» автокөлігін тоқтатқан.
Тексеру кезінде, автокөлікті 16 жастағы жасөспірім тізгіндегені анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің  590-бабының 4-бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталды. Іс-құжаттары шешім қабылдау үшін сотқа  жолданып, автокөлігі айып тұрағына қойылды.
Сондай-ақ, жасөспірімге ҚР ӘҚБтК-нің  612-бабының 4-бөлімімен «Жүргізу куәлігін оқымаған және де 1 жыл ішінде бір текті құқық бұзушылық кайталағаны үшін» әкімшілік хаттама жасақталып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Және жасөспірімнің ата-анасына қатысты,ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлімімен «Түнгі сағат 23:00 кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүргені үшін» әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.