Итті азаптаған жүргізуші ұсталды

Атырауда жүргізуші итті көлікке байлап, көше бойымен сүйреген. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралуда. 

Әлеуметтік желілерде видео жарияланғаннан кейін полиция қызметкерлері ондағы жүргізушіні іздестіре бастаған.

Полиция өкілінің мәліметінше, аталған факт бойынша Атырау тұрғыны, яғни автокөлік жүргізушісі анықталып, ұсталды. Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.