Әлем - 08.01.2021

Илон Маск – әлемдегі ең бай адам

Tesla компаниясының негізін қалаған Илон Маск әлемнің ең бай адамдары рейтингінде көш бастады. Sputnik.kz-тің хабарлауынша бұл туралы Bloomberg басылымы мәлімдеді.

Электромобильдер нарығында компания акциялары 4,8 процентке өскен. Осының арқасында Tesla иесі миллиардерлер рейтингінде бірінші орынға шықты. Сауда-саттық әлі жалғасып жатыр.

Басылымның мәліметінше, Масктың дәулеті 188,5 миллиард долларға бағаланды.

Ал екінші орынға түскен Джефф Безостің байлығы одан бір жарым миллиардқа аз. Amazon басшысы әлемдегі ең бай адам атағын 2017 жылдың қазанынан бері иеленіп келген еді.

Соңғы жылдың ішінде Масктың дәулеті 150 миллиард долларға өскен.