Covid-19: +107; -168

Атырау облысында өткен тәулікте 168 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта 317 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 95 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда – 26,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 790 адам ем қабылдауда.

Сондай-ақ, кеше облыста 107 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 27-сі Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 59 жұмысшыдан, Жылыой – 4, Қызылқоға – 1, Индер – 3, Махамбет – 2, Исатай – 1, Мақат – 1, Құрманғазы ауданынан 9 адам тіркелді.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 16-ында ауру симптомды түрде өтуде.