Кеше өңірде 101 адамнан коронавирус анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 101  адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 9-ы Атырау қаласынан тіркелген болса, Теңіз кенішінен 78 жұмысшы, Жылыойдан – 2,  Құрманғазы ауданынан 12 адам тіркелген.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 12-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, кеше коронавирус инфекциясынан 32 адам емделіп шыққан.

Айта кетсек, қазіргі уақытта 321 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда  95 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда – 39,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 811 адам ем қабылдауда.