Қайта әлеуметтендіру орталығына 7 адам орналастырылды

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жаңа жылдық мереке күндері Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция қызметкерлері тұрақты мекенжайы жоқ адамдарды анықтау мақсатында рейдтік іс-шараларды күшейтті.
Ауа райының салқындығына байланысты, учаскелік полиция қызметкерлері жылу трассаларын, жертөлелер, базарлар мен теміржол вокзалдарын тексерді.

Мысалы, 4 қаңтар күні учаскелік полиция инспекторлары аумақтарды аралау кезінде, Авангард ықшамауданында орналасқан үйлердің бірінің жертөлесін паналап жүрген, нақты тұрғылықты мекенжайы жоқ 37 жастағы Құлсары қаласының азаматын анықтап, бейімдеу орталығына орналастырды.

Айта кетсек, жаңа жыл мерекесі күндері Атырауда 7 адам өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына жеткізілді. Олардың барлығы баспанасыз көшеде жүрген жерлерінен әкелінген.