Қазақстандықтардың қай елдерге жиі ұшатыны белгілі болды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстаннан ұшақтар қай мемлекеттерге жиі ұшып жатқанын жариялады.
Министрлік келтірген ақпаратқа сәйкес, Қазақстаннан халықаралық әуе рейстер 19 бағыт бойынша 12 елге ұшады. Жиілігі-аптасына 55 рейс. Айрықша жиі бағыттар:
БАӘ – 16 жиілік;
Түркия – 10 жиілік;
Өзбекстан – 6 жиілік;
Беларусь – 4 жиілік;
Германия – 4 жиілік;
Мальдив – 4 жиілік;
Оңтүстік Корея – 2 жиілік;
Нидерланды – 2 жиілік;
Мысыр – 2 жиілік;
Қырғызстан – 2 жиілік;
Ресей – 2 жиілік;
Украина – 1 жиілік.
Өткен айда Қазақстан Түркияға әуе рейсін екі есе қысқартып, Өзбекстанмен әуе қатынасын жандандырған еді.