Аймақ
Медиация орталығы ашылды
Атырауда татуласу орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына рәсімін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен Атырау облысы Билер кеңесінің төрағасы Хаббас Хисметуллин қатысты. Жоба ҚР Жоғарғы Сотының әлеуметтік осал топтарға, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғаларға заңдық кеңес, құқықтық және медиативтік көмек көрсетуді көздейтін «Татуласу: сотқа дейін, сотта» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Орталықта кеңес…
Толығырақ »Атырауда инфекциялық аурухана салыну мүмкін
Бүгін Үкімет отырысында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысында осы жылдың тамыз айының соңына дейін инфекциялық аурухана салынып, пайдалануға берілуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. — Өңірде 595 орындық инфекциялық стационар, оның ішінде Атырау қаласында №2 облыстық ауруханада 180 орын, Теңіз кенішінде 315 және Махамбет ауданындағы диспансерде 100…
Толығырақ »Индербор кентіне карантин енгізілді
Индербор кенті 19-ыншы маусымнан 2-шілдеге дейін карантинге жабылды. Аумақтағы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі және коронавирус дертімен сырқаттанушылар санының өсуіне байланысты ауданның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Шолпан Ержанова карантиндік режим жариялады. Аудан орталығына бекеттер қойылып, адамдар мен көліктердің кіріп-шығуына және қоғамдық орындарға баруға тыйым салынды. Азық-түлік базарлары мен дүкендердің жұмыс уақыты…
Толығырақ »Терезеден 2 жасар сәби құлап кетті
Атырау облысында 2 жасар бала терезеден құлап кетті. Бұл туралы Атырау облысының ТЖД хабарлады. Оқиға кеше кешкісін 23:39-да Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылында орын алған. 2018 жылы туған қыз бала 2 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кеткен. Қазір сәби жабық бас сүйек жарақаты диагнозымен Құрманғазы ауылының аудандық ауруханасында…
Толығырақ »Құлсарыға пойыз тоқтамайды
Құлсары стансасынан пойызға отыру және түсу уақытша шектеледі. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында 18 маусым күні сағат 07-00-ден 2-шілдеге дейін Құлсары стансасына бірнеше жолаушылар пойызына билет сатуға, отырғызып-түсіруге уақытша тыйым салынғанын…
Толығырақ »Науқастар Махамбет ауданына жөнелтілмек
Атырау жұқпалы аурулар ауруханасында науқастарға орын жоқ. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Таңбаева онлайн брифингте хабарлады. — Скрининг пен тексеру кезінде анықталып жатқан қауіпті дертті жұқтырғандар саны көбеюде. Соған байланысты жұқпалы аурулар ауруханасы толып қалды. Аурухана 180 төсекке есептелгенмен қазір ол жерде 193 науқас емделуде. Оның…
Толығырақ »Атырауда індеттен 2 адам қайтыс болды
Коронавирус індетінен Атырауда тағы 2 адам көз жұмды. Бұл туралы Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады. Қайтыс болғандар — 1947 және 1980 жылы туған әйел адамдар. 40 жастағы Тасқала елдімекенінің тұрғыны 8-маусым күні әлсіздік, құрғақ жөтел, тәбеттің жоғалуы, жүрек айну белгілерімен дәрігерге көрінген.…
Толығырақ »21 атыраулықтан коронавирус шықты
Кешегі мәлімет бойынша, Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 21 адам тіркелді. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. COVID-19 жұқтырған 2 адам — Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. 1990 жылы туған ер адам мен 1970 жылы туған әйел адамнан COVID-19 скринигтен өту барысында анықталды. Ал…
Толығырақ »Атырауда 62 медқызметкер індет жұқтырған
Атырау облысында мыңнан аса медицина қызметкері коронавируспен күресуде. Ал солардың 62-сі қауіпті індет жұқтырған. Бұл туралы онлайн брифингте мәлімдеме жасаған облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Танбаеваға сілтеме жасап Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. — Дәрігерлерде коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі басым. Өйткені, COVID-19 індетімен күресте дәрігерлер, медбикелер, кіші…
Толығырақ »Жергілікті телеарна басшысынан коронавирус анықталды
Жергілікті «Caspian News» телеарнасының басшысынан коронавирус белгілері анықталған. Бұл туралы арнаның әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабар таратты. «Caspian News телеарнасының директоры К.Кертаевтың коронавирус инфекциясын анықтауға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткенін өкінішпен хабарлаймыз. Қазіргі уақытта жақын байланыста болған тұлғалар анықталуда. Айта кету керек, ЖРВИ-ның алғашқы белгілері бір апта бұрын пайда болған,…
Толығырақ »









