Атырауда індеттен 2 адам қайтыс болды

Коронавирус індетінен Атырауда тағы 2 адам көз жұмды. Бұл туралы Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады.

Қайтыс болғандар — 1947 және 1980 жылы туған әйел адамдар.

40 жастағы Тасқала елдімекенінің тұрғыны 8-маусым күні әлсіздік, құрғақ жөтел, тәбеттің жоғалуы, жүрек айну белгілерімен дәрігерге көрінген.

— 17-маусымда науқастың денсаулығы күрт нашарлап, реанимацияға жатқызылған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін жарты сағаттай күрескенмен, кешкі 21:30-да науқас қайтыс болды. Өлімге COVID-19 себеп болды, — дейді денсаулық басқармасы өкілдері.

Екінші әйел адамның да жағдайы нашарлап, дәрігерлер қанша жанталасса да, кешкі 20:40 уақытында көз жұмған.