Жергілікті телеарна басшысынан коронавирус анықталды

Жергілікті «Caspian News» телеарнасының басшысынан коронавирус белгілері анықталған. Бұл туралы арнаның әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабар таратты. 

«Caspian News телеарнасының директоры К.Кертаевтың коронавирус инфекциясын анықтауға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткенін өкінішпен хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта жақын байланыста болған тұлғалар анықталуда.

Айта кету керек, ЖРВИ-ның алғашқы белгілері бір апта бұрын пайда болған, сол уақыттан бері телеарна директоры өзін-өзі оқшаулап, коронавирусты анықтайтын тест тапсырды.

Қазір телеарна кеңсесінде дезинфекция жұмыстарын жүргізу және телеканалдың одан әрі жұмыс жасау мәселесі шешілуде.

Арнаның барлық оперативті емес қызметкерлері қашықтан жұмыс форматына ауыстырылды.

Барлық мәліметтер туралы біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымыздан хабарлайтын боламыз.

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар! Біз сіздермен біргеміз!» делінген хабарламада.

BATYS.INFO ұжымы әріптесіміздің және басқа да науқастардың жазылып кетуіне тілеулестік білдіреді.