Атырау облысының бұрынғы бас санитары да коронавирус жұқтырды

Ұлттық сараптама орталығы Атырау облыстық филиалының директоры Темірбек Мұсағалиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Covid-19  жұқтырып алғанын хабарлады.

– Инфекция жұқтырған адаммен жақын байланыста болғаным үшін тапсырған тестімнің нәтижесі бүгін белгілі болды. Бетперде тағып, қолғап киіп, қолымды үнемі антисептикпен тазалап, сақтық шараларын барымша орындап жүрсем де, өкінішке орай, ауру мені де айналып өтпеді, – деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол тұрғындарға санитарлық ережелерді қатаң сақтап, індеттен тезірек құтылуға шақырды.