Медиация орталығы ашылды

Атырауда татуласу орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына рәсімін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен Атырау облысы Билер кеңесінің төрағасы Хаббас Хисметуллин қатысты.
Жоба ҚР Жоғарғы Сотының әлеуметтік осал топтарға, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғаларға заңдық кеңес, құқықтық және медиативтік көмек көрсетуді көздейтін «Татуласу: сотқа дейін, сотта» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.
Орталықта кеңес беруден бастап, даудың санатын анықтау, татуластыру рәсімдерін жүргізу, келісім жасақтауға дейінгі қызметтер қарастырылған және медиаторлар, билер, адвокаттар, прокурорлар, психологтар, нотариустар мен безнес омбудсмен өкілдері азаматтарға қызмет көрсетеді.
Азаматтарға қажетті барлық жағдай жасалып, орталық қажетті техникалық құралдармен жабдықталған. Мұнда келушілер тиісінше заңды көмек алып, медиативтік рәсімдердің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы біле алады, жанжалды шешу және келісу бойынша келіссөздер жүргізеді.