Терезеден 2 жасар сәби құлап кетті

Атырау облысында 2 жасар бала терезеден құлап кетті. Бұл туралы Атырау облысының ТЖД хабарлады.

Оқиға кеше кешкісін 23:39-да Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылында орын алған. 2018 жылы туған қыз бала 2 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кеткен. Қазір сәби жабық бас сүйек жарақаты диагнозымен Құрманғазы ауылының аудандық ауруханасында жатыр.

Осымен жыл басынан бері балалардың терезеден құлауы тіркелген 4-ші жағдай.

Атырау облысы ТЖД осы сияқты жағдайлардың алдын-алу үшін ата-аналардан балаларды қараусыз жалғыз қалдырмауды сұрады.