Индербор кентіне карантин енгізілді

Индербор кенті 19-ыншы маусымнан 2-шілдеге дейін карантинге жабылды.

Аумақтағы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі және коронавирус дертімен сырқаттанушылар санының өсуіне байланысты ауданның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Шолпан Ержанова карантиндік режим жариялады.

Аудан орталығына бекеттер қойылып, адамдар мен көліктердің кіріп-шығуына және қоғамдық орындарға баруға тыйым салынды. Азық-түлік базарлары мен дүкендердің жұмыс уақыты шектеліп, 22.00-ден кейін «коменданттық сағат» жарияланды.

Қазіргі уақытта аудан бойынша инфекция жұқтырғандар саны 55-ке жетіп отыр.