Аймақ
Атырауға медицина мамандары жетіспейді
Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты. ⠀ Облыс бойынша анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог, инфекционист және эпидимиолог сынды 278 маман жетіспейтін көрінеді. Махамбет Досмұхамбетов осы мәселелерді шешудің жолдарын қарастырып жатқанын жеткізді. ⠀ – Қазіргі уақытта аталған мәселені шешу үшін бірқатар жұмыстар жүзеге асуда. Нақтырақ айтқанда, Ресейден…
Толығырақ »Есірткі өсірген атыраулық ұсталды
Атырау облысының тұрғыны өз ауласында қарасора есірткі өсімдігін өсіріп келген. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. – Атырау қаласының маңындағы Химиктер поселкесінің тұрғыны үйінің ауласында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктің 4 түбін өсірген. Полиция қызметкерлері есірткі шөбін ауланы тексеру кезінде тапты. Қазір аталған дерек…
Толығырақ »Атырауға пойыз бармайды
«ҚТЖ» «ҰҚ» АҚ Қазақстан Республикасы мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 2 шілдедегі шешіміне, ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі №44 қаулысына сәйкес және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хаты негізінде 2020 жылдың 8 шілдесінен бастап күші жойылғанға дейін Атырау станциясы бойынша жолаушылар пойыздары мен тікелей қатынайтын вагондарының…
Толығырақ »Киік қуғандар құрықталды
Атырау Полиция Департаментінің мәліметінше Құрманғазы ауданында мотоциклмен киік қуған село тұрғыны ұсталған. Полиция қызметкерлері ауданның Егінқұдық ауылы тұрғынының далалықта киікті мотокөлігімен қуып жүріп құлатқанын анықтады. Тексеру барысында, күдіктінің тұрғылықты мекен-жайынан киік еттері, мүйізі, басқа да айғақ заттар табылып, тәркіленді. Осы дерек бойынша ҚК 339 бабы «Жануарлардың сирек кездесетін және құрып…
Толығырақ »Екі күнде 130-ға жуық карантин шектеуін бұзғандар анықталды
Атырау Полиция Департаментінің мәліметінше Атырауда 5-6 шілде күндері карантиндік шектеулерді орындамаудың 130-ға жуық дерегі анықталған. — Нұрсая ықшам ауданындағы үйлердің бірінің жанында орналасқан «Жеміс-жидек сататын дүнгершек», осы ықшам аудандағы екі бірдей супермаркет, азық-түлік дүкені, самса сату орны, мейрамхана иелеріне қатысты іс-құжаттар жасақталды, — делінген хабарламада. Сонымен қатар, Атырау облысының Бас…
Толығырақ »Науқастарға арналған орындардың 90%-ы бос емес
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Атырау облысындағы инфекциялық стационардың жұмысымен онлайн-режимде танысты. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникация қызметі хабарлады. Министр Алексей Цой кеше Атырау облысындағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды бағалау үшін №2 облыстық аурухана мен облыстық жедел медициналық жәрдем станциясын онлайн-режимде аралаған. Денсаулық сақтау министрі қабылдау бөлімінің, ауыр науқастарға арналған реанимация…
Толығырақ »Дәрілер он есе қымбатқа сатылған
Денсаулық сақтау министрі өңірлерде дәрі-дәрмекті қымбатқа сататын алыпсатарлардың әрекетіне қалай шектеу қойылып жатқанын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. — Бүгінде Қазақстанның барлық өңірінде әкімдіктер жанынан мониторинг топтары құрылды. Қоғамдық кеңестер мен үкіметтік емес ұйымдар да дәрі-дәрмек бағасын бақылау жұмысына белсене атсалысуда. Олардың бәрі мемлекет бекіткен шекті бағаны қадағалайды. Баға көтеру…
Толығырақ »Атырауда карантин қайта күшею мүмкін
Атырауда санитарлық нормалардың сақталмауына байланысты карантин шаралары күшейтілуі мүмкін. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары және коронавируспен күрес жөніндегі өңірлік шұғыл штабтың төрағасы Нұрлан Таубаев штабтың нақты міндеттері қандай екенін айтты. — Штаб шектеу шараларының орындалуын қадағалап, жағдайды бақылауда ұстайды. Қажеттілік туындаса, штаб қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы ұсыныстар білдіре алады.…
Толығырақ »Оқушылар мен жастар сарайы ашылды
Өңірде жаңадан ашылған Оқушылар және жастар сарайында 200-ден аса мұғалім жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. «Шеврон» компаниясының демеушілігімен салынған Оқушылар мен жастар сарайы пайдалануға берілді. Аумағы 18 833 ш.м. болатын ғимараттың құрылысы 2018 жылы басталып, белгіленген мерзімде аяқталып отыр. Ғимарат астыңғы қабаттан бөлек, 4 қабаттан…
Толығырақ »Атырауға дәрі-дәрмек жеткізілді
Атырауға Алматыдан соңғы күндері дәріханаларда тапшы болып кеткен дәрі-дәрмектер тиеген арнайы жүк көлігі жетті, – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Әкелінген препараттар қаладағы қоймалардың біріне түсірілді. – Бірнеше күн бұрын облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов дәрі тапшылығын жедел түрде шешуге қатысты тиісті тапсырма берген. Соған сай, Алматыдан қажетті дәрі-дәрмектердің түрлерін…
Толығырақ »









