Екі күнде 130-ға жуық карантин шектеуін бұзғандар анықталды

Атырау Полиция Департаментінің мәліметінше Атырауда 5-6 шілде күндері карантиндік шектеулерді орындамаудың 130-ға жуық дерегі анықталған.
— Нұрсая ықшам ауданындағы үйлердің бірінің жанында орналасқан «Жеміс-жидек сататын дүнгершек», осы ықшам аудандағы екі бірдей супермаркет, азық-түлік дүкені, самса сату орны, мейрамхана иелеріне қатысты іс-құжаттар жасақталды, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 04.07.2020 жылғы №52 -ПГВР қаулысының 5 тармағы «Сенбі, жексенбі және мереке күндері жеке автокөліктер қозғалысына толықтай тыйым салыну» туралы шектеулерді бұзған 127 азамат анықталған.
Жинақталған құжаттар қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданады.