Атырауға медицина мамандары жетіспейді

Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты.

Облыс бойынша анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог, инфекционист және эпидимиолог сынды 278 маман жетіспейтін көрінеді. Махамбет Досмұхамбетов осы мәселелерді шешудің жолдарын қарастырып жатқанын жеткізді. 

– Қазіргі уақытта аталған мәселені шешу үшін бірқатар жұмыстар жүзеге асуда. Нақтырақ айтқанда, Ресейден Атырау өңіріне мамандар тарту жағын қарастырып жатырмыз. Сонымен қатар, биыл оқу бітіретін жас мамандарды өңірге тарту үшін жоспарлы жұмыстар атқарылуда, – деді ол.