Жағдайы төмендерді жарылқамақ

Әлеуметтік төмен топтарға дәрі-дәрмектер үлестіріледі.Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн брифингте мәлімдеді.
– Менің тапсырмама сәйкес, қалалық әкімдіктің көмегімен күні кеше облысқа 220 миллион теңгені құрайтын дәрілердің 430 түрі шұғыл жеткізілді. Олардың арасында қазіргі кезде ең қажетті деген азитромицин, цефазолин, цефтриаксон сынды антибиотиктер мен ыстықты түсіретін дәрілер мен дәрумендер бар. Қала ғана емес, аудандардың да дәріханаларына түгел таратылып берілді. Апта соңында тағы осындай көлемде дәрі-дәрмектер жеткізіліп, қажетті дәрілердің белгілі деңгейде қоры болады. Cондай-ақ, кәсіпкерлерді тарта отырып алдырғалы отырған препараттарды әлеуметтік жағдайы төмен топтарға поликлиникалар арқылы таратуды да ойластырып отырмыз, – деді аймақ басшысы.