Киік қуғандар құрықталды

Атырау Полиция Департаментінің мәліметінше Құрманғазы ауданында мотоциклмен киік қуған село тұрғыны ұсталған.

Полиция қызметкерлері ауданның Егінқұдық ауылы тұрғынының далалықта киікті мотокөлігімен қуып жүріп құлатқанын анықтады.

Тексеру барысында, күдіктінің тұрғылықты мекен-жайынан киік еттері, мүйізі, басқа да айғақ заттар табылып, тәркіленді.

Осы дерек бойынша ҚК 339 бабы «Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.