Аймақ
Базарда өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ашылды
Бүгін «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Атырау облысындағы ХҚКО араларындағы ынтымақтастық келісім-шарт негізінде қаладағы ірі сауда орындарының бірі «Дина» базарында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышын ашты. Бұл жерде ХҚКО-ның мамандары аптасына бес күн қатарынан, сағат 10:00 ден 17:00 дейін тұрғындарға қызмет көрсететін болады. Базардағы өз-өзіне қызмет көрсету бұрышында электрондық кілт,…
Толығырақ »Дүкен шатырынан секірмекші болған жасөспірім құтқарылды
Атырауда патрульдік полицей дүкен шатырынан секірмек болған баланы құтқарды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қыркүйек сағат 16:00 шамасында драма театр аумағындағы модульдық бекетте кезекшілікте тұрған патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы, полиция кіші лейтенанты Нұрбол Сайыпқа кездейсоқ өтіп бара жатқан адам жасөспірім баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғанын…
Толығырақ »Карантин облыста тағы ұзарды
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Шектеу шаралары 12 қазанға дейін ұзартылды. Қаулыда караоке, бильярд, компьютерлік және түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар мен кинотеатрлар, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынса, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, бір…
Толығырақ »Атыраудың оң жағалауында 2 күн газ болмайды
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Атырау филиалы жылыту маусымы алдында газ желілерін тексеру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 30 қыркүйек және 1 қазан күндері Жайық өзенінің оң жағалауына газ берілмейтінін ескертті.
Толығырақ »Атырау көгалдануда
Атырау қаласын көгалдандыру жұмысына 4,69 млрд. теңге жұмсалмақшы. Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында қаланы көгалдандыру жұмыстарын жеке серіктеске беру туралы шешім қабылданған. Жобаны іске асыру мерзімі – 5 жыл, жалпы сомасы – 4,69 млрд. теңгеден астам. Биыл «Атырау қаласын көгалдандыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында қалаға…
Толығырақ »«Сергектен» бюджетке 3 млн. 533 мың теңге түсті
Атырауда 10 қыркүйектен бастап қосылған «Сергек» бақылау жүйесі 2 513 заң бұзушылықты тіркеді. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады. Салынған айыппұл мөлшері 35 миллион 983 мың теңге болса, оның 3 миллион 533 мыңы өндіріліп алынған. Департамент бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, көлік иелеріне айыппұл туралы хабарлама «Қазпошта» немесе…
Толығырақ »Ауруханаға түскен науқастардың 3,4 пайызы көз жұмған
№2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына COVID-19 инфекциясымен түскен науқастардың 96,4 пайызы жазылып шықты. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Жантөре Орысбаеваның айтуынша, пандемия кезінде ауруханаға түскен науқастардың 3,4 пайызы көз жұмған. Қайғылы жағдайдың орын алуы біріншіден, науқастардың…
Толығырақ »Емхана жанынан мобильді топтар құрылады
Емханалар жанынан мобильді топ құрылып, науқастардың үйіне барып қызмет көрсетеді. Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. №3 Атырау қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Клара Жасақбаеваның мәліметінше, құрылған топ науқастарға дәрі-дәрмектерді апарып беріп, кейін бейне байланыс арқылы науқастың жағдайын қадағалап тұрады. ⠀ Мобильді топ құрамында фельдшер, жалпы…
Толығырақ »Ақылы жолдан түскен ақша қайда жұмсалады?
«QazAvtoJol» ҰҚ» АҚ ақылы жолдан түскен қаражат қайда жұмсалатынын айтты. Бұл туралы aikyn.kz хабарлады. «QazAvtoJol» ҰҚ» АҚ Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы филиалының директоры Марат Сүлейменовтің мәліметінше, жол жыл бойы демалыссыз жұмыс істейді. Ақылы жолдарға төленетін ақша қыста ақылы жолды тазартуға, қар жинайтын құрылымдарды орнатуға, қосымша қарауға және күзетуге жұмсалады. Көктемде…
Толығырақ »«КамАЗ» жүргізушісі табылды
Атырау облысының Индер ауданында із-түзсіз жоғалған «КамАЗ» жүргізушісі табылды.Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жоғалған жүргізушіні іздестіру 23 қыркүйекте басталған еді. Оған Индер аудандық полиция бөлімі мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ, туыстары жұмылдырылды. Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, «КамАЗ» көлігінің жүргізушісі 24 қыркүйек күні Индер ауданындағы «Көк ат»…
Толығырақ »









