Атырау көгалдануда

Атырау қаласын көгалдандыру жұмысына 4,69 млрд. теңге жұмсалмақшы.
Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында қаланы көгалдандыру жұмыстарын жеке серіктеске беру туралы шешім қабылданған.

Жобаны іске асыру мерзімі – 5 жыл, жалпы сомасы – 4,69 млрд. теңгеден астам. Биыл «Атырау қаласын көгалдандыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында қалаға 375 мың гүл егілген. Сондай-ақ, қаланың 38 көшесінде, 15 саябағы мен алаңында егілген өскіндерге, ағаштарға, алаңы 40 612 шаршы метр гүлзарларға, бұталы қоршауларға күтім жасалады. Сорғы станциялары мен суару жүйелеріне кезең-кезеңімен ағымдағы жөндеу жүргізілуде.
Қала тарихын қалпына келтіру мақсатында 1,5 га алаңда «Сутягин бағы» аталатын жеміс бағы жанданып, Жеңіс саябағы аумағында жеміс ағаштары егілді.
Биыл қаланың ең ірі 12 көшесінде 200 шақырым суару желісін аяқтау жоспарланып отыр.