Ақылы жолдан түскен ақша қайда жұмсалады?

«QazAvtoJol» ҰҚ» АҚ ақылы жолдан түскен қаражат қайда жұмсалатынын айтты. Бұл туралы aikyn.kz хабарлады.

«QazAvtoJol» ҰҚ» АҚ Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы филиалының директоры Марат Сүлейменовтің мәліметінше, жол жыл бойы демалыссыз жұмыс істейді. Ақылы жолдарға төленетін ақша қыста ақылы жолды тазартуға, қар жинайтын құрылымдарды орнатуға, қосымша қарауға және күзетуге жұмсалады. Көктемде су тасқынына байланысты жұмыстарға, су өткізгіштерді тазарту жұмыстарына кетеді. Жаз мезгілінде жол белгілерін қолдану, ауыстыру, қоқыстарды жинау, демалыс орындарын тазарту және басқа жұмыстарға пайдаланылады.