«КамАЗ» жүргізушісі табылды

Атырау облысының Индер ауданында із-түзсіз жоғалған «КамАЗ» жүргізушісі табылды.Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоғалған жүргізушіні іздестіру 23 қыркүйекте басталған еді. Оған Индер аудандық полиция бөлімі мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ, туыстары жұмылдырылды.
Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, «КамАЗ» көлігінің жүргізушісі 24 қыркүйек күні Индер ауданындағы «Көк ат» шаруа қожалығы орналасқан учаскеге таяу маңнан аман-есен табылған.