Базарда өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ашылды

Бүгін «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Атырау облысындағы ХҚКО араларындағы ынтымақтастық келісім-шарт негізінде қаладағы ірі сауда орындарының бірі «Дина» базарында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышын ашты.
Бұл жерде ХҚКО-ның мамандары аптасына бес күн қатарынан, сағат 10:00 ден 17:00 дейін тұрғындарға қызмет көрсететін болады.
Базардағы өз-өзіне қызмет көрсету бұрышында электрондық кілт, медициналық орындардан анықтама, зейнетақы қоры туралы мәлімет, некеге отыру, балаға туу туралы куәлік және өзге де мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған Үкімет «Еgov.kz» веб-порталы арқылы электронды түрде алуға болады.
Енді базардағы кәсіпкерлер немесе өзге тұрғындар үшін қандай да бір анықтама қағазын алу үшін бұрынғыдай халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ.