800 мың оқушы мектепте оқып жатыр
Бақ.кз-тің хабарлауынша, бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн баспасөз конференциясында айтты.
– Жаңа оқу жылының алғашқы аптасы аяқталды. Індетке байланысты балалардың басым көршілігі қашықтан оқыту форматында оқып жатыр. Дегенмен 2,6 млн. бала қашықтан оқыса, 800 мың бала дәстүрлі форматты оқып жатыр. Яғни кезекші сыныптарда 547 мыңға жуық бала оқыса, 250 мың бала оқушы саны 180-ге дейінгі мектептерде дәстүрлі форматта оқуын жалғастырып жатыр. Республика оқушыларының 24%-ы дәстүрлі форматта оқуда, – деді министр.