778 ауылға интернет қосылады

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.
– Интернет қазіргі таңда бірінші қажеттілікке айналды. Сол себепті күнде байланыс операторлары бірігіп, еліміздегі интернет аумағын ұлғайту үшін жұмыстар жасауда. Республика бойынша 6 459 ауылды аймақтар бар. Оның ішінде 4 646-сына интернетке қолжетімділік қамтамыз етілген.
Қыркүйекте 150 елдімекенге мобильді сапалы интернет қосылды. Жыл соңына дейін қалған 778 ауыл қосылатын болады. Оның ішінде қазан айында 204 ауылға қоссақ, қараша мен желтоқсанда 473 ауылға сапалы интернет қосамыз, – деді ол.