Орталыққа 7 күн бойы вирус жұқтырғандар түспеген
Атырау облыстық ауруханасы жанындағы провизорлық орталыққа соңғы жеті күнде коронавирус инфекциясымен науқас түспеді.
– Бұл эпидемиологиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанын көрсетеді, – деп Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
⠀
– Жағдай тұрақтанғаннан бері науқастар түсімі жоқ. Қазір провизорлық орталықта 12 науқас бар, оның 5-еуі реанимацияда ем алуда, – деді Атырау облыстық ауруханасы жанындағы провизорлық орталығының бөлім меңгерушісі Дәурен Шанаев.