Орталыққа 7 күн бойы вирус жұқтырғандар түспеген

Атырау облыстық ауруханасы жанындағы провизорлық орталыққа соңғы жеті күнде коронавирус инфекциясымен науқас түспеді.
– Бұл эпидемиологиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанын көрсетеді, – деп Атырау облыстық ​ денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

​– Жағдай тұрақтанғаннан бері науқастар түсімі жоқ. Қазір провизорлық орталықта 12 науқас бар, оның 5-еуі реанимацияда ем алуда, – деді Атырау облыстық ауруханасы жанындағы провизорлық орталығының бөлім меңгерушісі​ Дәурен Шанаев. ​