Журналистерге қатысты бұйрық бекітілді

2020 жылғы 14-тамызда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Бейбіт жиналыстарда болатын журналист қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекіту туралы» № 279 бұйрықты бекітті. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады.

– Қағидалар «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23-шілдедегі Заңының 4-3-бабының 13-4-тармақшасына сәйкес ЮНЕСКО-ның Бейбіт жиналыстарда журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарын ескере отырып әзірленді, – делінген министрліктің хабарламасында.

Қағидалар БАҚ-тың жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдастырушылармен және қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды, атап айтқанда мынадай негізгі ережелер көзделген:

1) журналистің кәсіби қызметін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы орган журналистерді БАҚ үшін жедел баспасөз орталығымен қамтамасыз ету, сондай-ақ, бейбіт жиналыс өткізу кезінде өз өкілінің қатысуы жөнінде шаралар қабылдайды;

2) БАҚ үшін жедел баспасөз орталығына бірыңғай талаптар белгіленеді;

3) айырым белгілерінің нысандары белгіленеді.