Үздік спортшылар марапатталды

Халықаралық Спорт күніне орай Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова әлемдік додаларда еліміздің көк туын желбіреткен чемпиондар мен олардың бапкерлерін салтанатты түрде қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

– Спорт дегеннің өзі – жалғыз денсаулықтың мәйегі ғана емес, спорт дегеніміз – бүкіл адамзаттың қозғаушы күші деуге болады. Сондықтан сіздердің ерен еңбектеріңіздің орны бөлек. Спортшыларды тәрбиелеудегі қызметтеріңізге алғыс білдіре отырып, кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, – деді Бақытгүл Хаменова.
Сондай-ақ, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде топ жарып, елдің мерейін асқақтатып жүрген спортшыларға облыс әкімінің арнайы алғыс хаттары табысталды.