Махамбетте жұмыссыздықпен күрес жалғасуда

Биыл Махамбет ауданында жұмыспен қамту шараларына 1 262 жұмыссыз тартылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Олар – жұмыспен қамту орталығына хабарласқандардың 96,2%-ы. Оның ішінде 732 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Ауданда жұмыспен қамту жол картасы аясында іске асырылып жатқан 10 жобада 852 жаңа жұмыс орны ашылып, оның 482-сіне жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздар орналастырылған.

Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Алмажай Қартжанованың айтуынша, аудандағы ауылішілік жолдардың жөндеу жұмыстарына 350 жұмысшы жұмылдырылған. Олардың 191-і – жұмыспен қамту орталығынан.

Бүгінде Махамбет ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде басқада жобалар іске асырылуда. Оларға ауданның екі жүзден аса жұмыссыздары тартылды.