Жаңалықтар - Заң - 27.10.2023

Ауласын шағын есірткі плантациясына айналдырған күдікті ұсталды

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2023» іс-шарасы кезінде Махамбет ауданының 1969 ж.т. тұрғыны тыйым салынған өсімдіктерді шағын алқап түрінде егіп-өсіргенін анықтаған, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын тексеру барысында 31 дана ерекше иісі бар өсімдік түптері және кептірілген есірткіге ұқсас заттар тәркіленген.

Сараптама қорытындысы бойынша алынған заттар марихуана есірткісі екені анықталды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

 

Дереккөз: БАТЫС.ИНФО