Аймақ - Әлеумет - 17.10.2023

Атырауда бос орындар жәрмеңкесі өтуде

АПЕК Петротехникал жоғары колледжінде Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және «Теңізшевройл» ЖШС-нің ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындарының» жәрмеңкесі өткізілуде.

Жұмыс іздеушілер «АПЕК Петротехникал жоғары колледж» ЖШС, «АРЕС», «Ақтау» тренинг орталықтарынан электрмонтаждаушы, құбырмонтаждаушы, құбырларды дәнекерлеуші, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика бойынша монтаждаушы, металл конструкцияларды дәнекерлеуші мамандықтары бойынша оқуды аяқтаған түлектер.

— Жәрмеңкеге оқуды аяқтап жатқан 2014 жұмыссыз азамат қатысуда. Осының алдында биыл 31 мамырда өткізілген дәл осындай бос орын жәрмеңкесіне 229 оқуды аяқтаған жұмыссыз азамат қатысып, казіргі таңда 115 түлек жұмысқа орналасқан болатын,- деді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Ботагөз Амангелдиева.

Жәрмеңкеге облыстағы 20-ға жуық ірі мекеме қатысып, оқытылған мамандықтар бойынша ваканттық жұмыс орындары ұсынылды. Айта кетейік, жәрмеңке қорытындысымен жұмыс орындарында тест тапсыру арқылы мамандар қызметке қабылданады.