Жылыойда көрме мен жәрмеңке өтті

Жылыой ауданының 95 жылдығы аясында жергілікті қолөнер шеберлерінің көрмесі және жәрмеңке өтті, деп хабарлайды “Батыс-Инфо” аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

«Өнерлі өрен – өлке мақтанышы» атты көрмеге жылыойлық қолөнер шеберлері дайындаған зергерлік және сәндік бұйымдар, өлкенің көрікті жерлерінің суреттері мен макеттері және жылыойлық ақын-жазушылардың кітаптары қойылды.

Сондай-ақ, жылыойлық кәсіпкерлердің өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдері қойылған «Жылыой жәрмеңкесі» атты шара ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде ауданның 20-ға жуық кәсіпкерінің сан түрлі өнімдері көпшілікке ұсынылды.