Аймақ - Мәдениет - 05.10.2023

Жаңа Қаратон кентінде 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды.

Жылыой ауданына қарасты Жаңа Қаратон кентінде жаңа мәдениет үйінің құрылысы басталды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған құрылыс нысанын жобалаушы мекеме — «Жайык-Строй» ЖШС болса, мердігер мекеме «Акмешит-Мелиоратор» ЖШС. Ал тапсырыс беруші мекеме Жылыой ауданының құрылыс бөлімі. Жобаға биыл жергілікті (аудандық) бюджеттен 100 млн. теңге, облыстық бюджеттен 300 млн. теңге қаржы қаралған.

-Көлемі 2405 шаршы метрді құрайтын екі қабатты мәдениет үйінің ішінде 300 адамдық залдан бөлек, 36 орындық асхана, киіну бөлмесі, би және сурет үйірмесіне арналған бөлме, 10 орындық кітапхана бар. Жалпы құрылыс жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында басталды. Қазіргі таңда іргетасын құю жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша аталған мәдениет ошағы 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде,- деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қазбек Ағыраев.

Айта кетейік, Жаңа Қаратон кентінде 7000-нан астам тұрғын бар.