Аққалада фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды
Индер ауданындағы Аққала елді-мекенінде жаңа ФАП ашылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің әлеуметтік парақшасында хабарланды.
Елтай округіне қарасты 872 тұрғыны бар Аққала ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Жаңа ғимарат қазіргі заманғы медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Жалпы көлемі 182,44 шаршы метр болатын нысанда екпе, фельдшерлік және акушерлік кабинеттер орналасқан. Үш білікті медбике тұрғындарға қызмет көрсететін болады.
Аудандық аурухананың директоры Бауыржан Дүйсебайұлының айтуынша, жаңа нысанда ауыл тұрғындары қажетті медициналық көмек ала алады. Медұжым мен келушілер үшін барлық қолайлы жағдай жасалған.
Айта кетейік, емдеу мекемесінің құрылысы 2019 жылдың тамыз айында басталған еді. «BAISANAT-A» ЖШС мердігерлігімен шілде айында бой көтеріп, ауыл тұрғындарының игілігіне берілді.