Ел бойынша 1200 адам із-түзсіз жоғалған

Қазақстанда 1200 адам із-түзсіз жоғалған. Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев адам саудасына қарсы күрес барысы туралы өткен брифингте айтты. Бұл туралы бақ.кз хабарлады.

– Қазіргі таңда із-түзсіз жоғалғандар саны 1200 адамға жетті. Оның 22-сі бала. Көп жағдайда ер адамдар жоғалып жатады. Олар іссапар мен автокөлік айдап әкелу, маусымдық жұмыстар бойынша өзге аймаққа кеткен ер азаматтарға қатысты болып отыр. Ал әйелдер ішімдік ішкеннің салдарынан осындай оқиғаға душар болуда. Жасөспірімдер арасында ұмұндай жағдай әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының жағдайына, ата-анасымен келіспеушіліктің салдарынан туындап жатады. Және «STOP трафик» іс-шарасы аясында 9 – 12 қыркүйек аралығында ауқымды іс-шараның 3 күні ішінде полиция қызметкерлері адам саудасына қатысты 50 қылмысты әшкереледі, – деді Думан Таев.