Аймақ - Әлеумет - 22.04.2021

Облыстық маңызы бар жолдардағы белгілер тексерілуде

Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Қ.Үмбетқалиевтың бұйрығына сәйкес, департамент қызметкерлері аудандарда орнатылған техникалық реттеу құралдарының мемлекеттік стандартқа сәйкестігі және республикалық жолдардағы уақытша салынған айналма жолдың техникалық жағдайы және күтіп ұсталуы тексерілуде.

Бүгінгі таңда Полиция департаменті қызметкерлері Жылыой, Құрманғазы және Исатай аудандарындағы жол белгілері, жол таңбалары, жасанды кедергі, бағдаршам тексерді.

Тексеріс кезінде жол белгілерінің және жол таңбаларының жоқтығы, жол белгілерінің ағарып кетуі, жаяу өтпелердегі жол белгілерінің болмауы немесе тек қана бір жағынан орнатылуы, т.б. секілді кемшіліктер анықталды. Қайта жаңғыртылып жатқан Ақтөбе–Атырау–Астрахан тасжолының уақытша айналма жолының тиісті деңгейде күтіп ұсталмауы, яғни шаңға қарсы уақытылы су шашпау жұмыстары жүргізілмегені де байқалды.

Нәтижесінде, жол жүрісін техникалық реттеу құралын қайта қалпына келтіруге, жол белгілерін жаңартуға, жол таңбасын сызуға жол иелеріне орындалуға міндетті нұсқамалар берілді. Ал жолдағы құрылысшылар жолды тиісті деңгейде күтіп ұстамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 631 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексеру қортындысымен жергілікті атқарушы органдарға ұсыныс жолданатын болады. Аталған жұмыс облыстың басқа да аудандарында жалғасады.