Қалдық төгетін 50 көлікке айыппұл салынды
Атыраулық полицейлер қала шетінде орналасқан елді мекен аумактарының абаттандыру кағидаларын бұзып, тұрмыстық жане нәжіс қалдықтарын белгіленбеген жерлерге төккен көлік жүргізушілерін жауапкершілікке тартуда.
Жақында патрульдік полицейлер осындай «Газ 3307» автокөлігін анықтап, жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 55 560 теңге айыппұл салынса, 4 қыркүйек күні Нұрсая ықшамауданында тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерге төккен «Газель» автокөлігі анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 83 340 тенге айыппұл салынды.
Жыл басынан қала аумағында осы тектес құқық бұзушылықтар жасаған 50 көлік иесіне айыппұл салынған.