Облыста індеттен жазылғандар 93 пайызға жетті

Өткен тəулікте 390 адам коронавирустан жазылып шықты. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл жерде коронавирус инфекциясының симптомды, симптомсыз түрімен сырқаттанған науқастардың арасында емделіп шыққандардың барлығы есепке алынып отыр.

Атырау облысында ресми статистикаға сәйкес, инфекция жұқтырғандар саны —10 717. Олардың 10 002-сі жазылып шығып, облыстағы карантиндік стационарлар толықтай жабылды.