Қаулыға өзгеріс енгізілді

Бас санитар дәрігердің қаулысына өзгерістер енгізілді – халыққа қызмет көрсету орталықтары мен республикалық маңызы бар көлік жолдарының бойында орналасқан вулканизация және дөңгелек ауыстыру нысандарының жұмысына рұқсат етіледі.
Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ. Ғайнеденовтың 2020 жылғы 2-тамыздағы №60 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Атырау облысы аумағында коронавирус инфекциясының (COVID-2019) таралуын төмендету бойынша қатаң карантиндік шараларды одан әрі күшейту туралы» 05.08.2020 жылғы №61 Қаулысы:
1. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 тамыздағы № 60 «Атырау облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуын төмендету бойынша қатаң карантиндік шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) қаулының 2-тармағының 24-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
24) ұйымдар мен кәсіпорындарға, сондай-ақ, ауыл және балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсетуді қоспағанда, автомобиль жуу, автомобиль көлігін (техникалық қызмет көрсету станциясын) жөндеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі қызметке тыйым салынсын;
2) қаулының 2- тармағының 26-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
26) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-ның) жұмысын алдын ала брондау бойынша қатаң түрде Egov.kz, egovkzbbot 2.0 телеграмм-боты жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, CaII-орталықтарының жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, мамандандырылған ХҚКО демалыс күндері сағат 09.00-ден бастап сағат 15.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілсін;
3) 2-тармақты 33-тармақшасымен толықтырылып, мынадай мазмұнда жазылсын:
33) Республикалық маңызы бар (Атырау – Ақтөбе, Атырау – Орал, Атырау – Астрахань, Атырау –Маңғыстау) автокөлік жолдарының бойында орналасқан шиномонтаж және вулканизация объектілерінің жұмысына рұқсат берілсін;
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.