Облыс оттегі концентраторларымен толығуда

Атырауға Алматыдан 26 оттегі концентраторы әкелінді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
— Бұған дейін 18-шілдеде «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалы арқылы Атырауға 7 оттегі концентраторы әкелінген еді. Оның үшеуі Жылыой аудандық орталық ауруханасына, екеуі облыстық ауруханаға, кардиологиялық орталық пен Исатай аудандық ауруханасына бір концентратор берілді. Ал бұл жолы жеткізілген 26 оттегі концентраторы аудандық және қалалық емдеу мекемелеріне таратылады. Атырауға тағы да осындай 139 аппарат жеткізіледі деп күтіліп отыр, — дейді «Атамекен» ҰКП Атырау өңірлік палатасының сарапшысы Еркебұлан Бәделов.