Арманға айналған 42 500
Қазақстандықтарға тамыз айында 42 500 теңгенің жартысы төленеді. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн баспасөз маслихатында мәлімдеді.
— Президенттің тікелей тапсырмасы бар. Екі аптаға ұзартылған карантин кезінде төлем міндетті түрде болады. Бірақ азаматтарға сол соманың жартысы, яғни 42 500 теңге болса, соның 21 250 теңгесі төленеді. Осы соманы қазақстандықтар міндетті түрде алады, — деді Тоғжанов онлайн баспасөз мәслихатында.