Маска тақпағандар 200 млн.-нан аса айыппұл төледі

Карантиндік шараларды сақтамаған 495 жеке тұлғаға 20 млн. теңгеден аса айыппұл салынған. Бұл туралы ОКҚ-де өткен онлайн брифингте ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калачайди мәлімдеді.
— Елімізде жалпы саны 4500 тәртіп бұзу анықталды. Оның 400-ден астамы маскалық режиммен байланысты, — деді Калачайди.
Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова көшеде және жабық ғимараттарда маска тағу ережесі 26-маусымдағы жарлықта айтылғанын еске сала отырып, оларды көшеде де, іште де тағу міндетті болып табылатынын айтты.
— Масканың инфекциядан қорғайтыны, коронавирустың ауа тамшыларымен өтетіні дәлелденді. Инфекциядан қорғаудың негізгі шаралары — маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау және қол гигиенасы, — деді Айжан Есмағамбетова.
Алексей Калайчиди қазақстандықтар қауіпсіздік шараларын өрескел бұзып, тойларды ұйымдастыруды және түнгі клубтарға баруды жалғастырып жүргенін айтты.
— Кейбір аймақтарда полиция түнгі клубтардың жұмысын тоқтатты. Қарағандыдағы мекемелердің бірінде 200-ге жуық адам ұсталды. Бәрі жауапқа тартылады, — деді министр орынбасары.