Атырауға мәжіліс депутаты келді

Мәжіліс депутаты Бейбіт Мамыраев қоғамдық бақылау аясында Атырау облысының бірқатар медициналық мекемелерінде барды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Бейбіт Мамыраев тұрғындармен әңгімелесіп, дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету, дәріханалардағы баға, сондай-ақ әлеуметтік салауаттылық пен білім және экология мәселелеріне ерекше назар аударды.
Кездесуде халық дәріханалардағы дәрі-дәрмекке қатысты жағдайдың жақсарғанын айтып, бірқатар мәселені көтерді. Ең алдымен, атыраулықтар дәріханада кезекке тұрмас үшін дәрі-дәрмектердің бар-жоқтығын білуге болатын бірыңғай байланыс орталығының жоқтығы мен аймақтардағы медициналық мекемелердің халыққа қажетті көмек көрсетуге дайындығының жақсы еместігін жеткізді.
Мәжіліс депутаты барған медициналық мекемелерде аймақтағы денсаулық сақтауды дамытудың өзекті мәселелері мен жас дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалақыларын көтеру және олардың кәсіби өсу қажеттілігі туралы айтылды.
Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының басшыларымен жаңа оқу жылының дайындығы мәселесі төңірегінде бірқатар кездесулер өткізді.
Мәжіліс депутатының айтуынша, облыста дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұйымдасқан түрде жеткізуді жүйелі түрде күшейту қажет, сонымен қатар, санитарлық нормалардың міндетті сақталуына ерекше назар аудару керек.