Үкімет 7,2 млрд. теңге бөлді

Пандемия кезеңінде алғы шепте жұмыс істейтін қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдары үшін Үкімет резервінен 7,2 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
— Елімізде бір реттік үш қабатты медициналық масканың бағасы 28 пайызға арзандады. Тамыз айын қосқанда алғы шептегі қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдарының резерві қалыптасты. Үкімет резервінен бұл мақсатта 7,2 млрд. теңге бөлінді. Осы жұмыстар аясында 41 млн. маска, 27 млн. қолғап пен 379 мың қорғаныс костюмі және 1,2 млн. ПТР-тест сатып алынады, — деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, 2021 жылдың қыркүйегі мен ақпаны аралығына арнап жеке қорғаныс құралдарынан резерв жасалады.