Коронавирус құрбандары 585-ке жетті

3—19 шілде аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 210 адам көз жұмды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
Оның ішінде облысымыздан 5 адам бар. Олар: 1955 жылғы ер адам мен 1951, 1971, 1951, 1950 жылғы әйел адамдар.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі коммисия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстанда осы аурудан барлығы 585 адам көз жұмды.