Қайырымдылық қоры көмекке келді
«Халық» қайырымдылық қоры Атырау облысының тұрмысы төмен және көпбалалы 1000 отбасына жиынтық дәрілік азық-түліктерді таратуда. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.
— Материалдық жағдайы төмен және дәрі-дәрмектерді қажет ететін отбасылардың тізімін алты категория бойынша қалалық және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынды. 1000 жиынтық қалаға және аудандарға таратылады, — дейді ұйымдастырушылар.
Жалпы салмағы 60 келіден асатын жиынтықта Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасымен келісілген және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен COVID-19 емдеу хаттамасына енгізілген негізгі дәрілік препараттар мен азық-түлік жиынтықтары мен жуғыш заттар, сондай-ақ, антисептик құралдары және медициналық маскалар бар.