Жедел жәрдем келмесе…
Жедел жәрдем қызмет көрсетуден бас тартса, азаматтар 1406 байланыс орталығына жүгіне алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
— «Дәл қазір және дәл осы жерде» қағидаты бойынша мәселелерді жедел шешу үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 1406 байланыс орталығы құрылған. Осы нөмірге хабарласқан адам ем-дом бойынша кеңес немесе медициналық көмек ала алады. Шағымды да осы нөмірге қалдыруға болады, — деді министрлік.
1406 байланыс орталығы демалысыз жұмыс жасайды.